«Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында музейлік квест-3 интеллектуалды байқауы

МК4 minТұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтің  жолдаған «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласына орай  2019 жылдың 28 наурыз және 1 сәуір  күндері «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында музейлік квест-3 интеллектуалды байқауының іріктеу кезеңдерін ұйымдастырды.

  Осыған дейінгі екі маусым  студентер  және оқушылармен өткізілсе, бұл жолы «халықтың көзі, құлағы Һәм тіліне» айналған  облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері таңдалған болатын.

         Байқаудың іріктеу кезеңі ақпан айында басталып, "Атырау" телеарнасы   

   мен "Каспи-Ньюс" телеарнасы, "Прикаспийская коммуна" газеті, «Жайық   

   шұғыласы» газеті командалары жартылай кезеңге өтті.  

             28 наурыз күні музейлік квестке «Дендер»  аудандық  газеті мен «Мақат    

тынысы» аудандық газетінің командалары қатысып,  берілген тапсырма бойынша 50 ұпай жинап, «Мақат тынысы» газеті алға шықты.

             1 сәуір күні «Кең Жылой» газетіне қарсылас командалардың келмеуіне және іріктеу кезеңінің ақтық ойыны болғандықтан, ұйымдастыру алқасы ақылдаса келе, «Кең Жылой» газетінің командасын жартылай кезеңге өткізді.

             Іріктеу кезеңінен өте алмаған командалар музей тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Музейлік квестке музей қызметкерлері, бұқаралық-ақпарат өкілдері барлығы 27 адам қатынасты.                                                                                                          

 

МК1 minМК2 min   

МК3 min  МК4 minМК5 min

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru