«Зергердің өзі – көненің көзі» зергерлік бұйымдар жасау шеберлік сағаты

зергер min2019 жылдың 5 наурызында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» бағыты бойынша қазақ халқының зергерлік өнері туралы түсінік беру, зергерлік өнердің тылсым құпияларын ашу, музей қорындағы жинақталған зергерлік бұйымдардың жасалу жолдары мен әртүрлі өрнектердің сырына үңіле отырып, ұрпақтан – ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан зергерлік өнерді насихаттау және үйрету мақсатында  «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінде Халықаралық және республикалық қолөнершілер байқауының жеңімпазы, қолөнер  шебері  Қайрат Шапабаевтың «Зергердің өзі – көненің көзі» тақырыбында зергерлік бұйымдар жасаудан шеберлік сағаты өткізілді.

 Шеберлік сағат арқылы музей қорындағы зергерлік бұйымдар көрсетіліп, қолөнер шеберінің жеке зергерлік бұйымдарынан көрме жасақталып, зергерлік бұйымдардың жасалу жолдары мен өзіндік ерекшеліктері туралы толықтай мағлұматтар  берілді.

         Қайрат Шапабаевтың шеберлік сағатына музей қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатынасты. Барлығы  30  көрермен тәжірибе алмасты.

зергер min зергер1 min

 

 

 

 

 

 

 

 

 

зергер2 min зергер3 min

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru