2019 жылдың 21 ақпанында Ұлы даламыздың қасиетті жерлерін дәріптеу мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде ІІІ Халықаралық Өлкетанушылар форумы өтті.
Форум жұмысының мақсаты – еліміздің мәдени және өлкетану бағытындағы ұйымдарын қолдау, біртұтас мәдени кеңістікті дамытыу және «Батыс жауһарлары» көрмесін ұйымдастыру арқылы Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының қасиетті орындарын насихаттау болып табылады.
Форум жұмысының бағдарламасына сәйкес Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының ІІ томының (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары бойынша) тұсаукесері өтті. Шара барысында сөз алған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Б.Әбдіғалиұлының айтуынша, 2017 жылдан бастап шығарылып келе жатқан «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясын шығарудағы негізгі мақсат әр өңір бойынша Қазақстанның қасиетті киелі орындарын таныта отыра, әр өңірге байланысты 5 жылда «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының 5 томы да шығарылатындығын айтып өтті.
«Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы ІІ-ші томының тұсаукесер салтанатының лентасын Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы «Атамекен» қазақ ұлттық мәдени орталығының өңіраралық қоғамдық ұйымының президенті С.Құспанов және философия және тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру жөніндегі сараптамалық кеңес мүшесі Ө.Озғанбаев кесті. Одан бөлек дөңгелек үстел барысында өлкетанушылар көптеген тың зерттеулерге тоқталып, өзара пікір алмасты.
Сағат 14.00-де Салтанат сарайында «Батыс жауһарлары» көрмесінің таныстырылымы болды. Көрмеде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қасиетті орындары кеңінен таныстырылды.
ІІІ Халықаралық Өлкетанушылар форум жұмысына «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру жөніндегі сараптамалық кеңес мүшелері, Республика көлеміндегі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларының басшылары, музей, тарихи-мәдени мұраны қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі инспекция мамандары мен еліміздің алыс-жақын шет елдердің, атап айтқанда: Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы «Атамекен» қазақ ұлттық мәдени орталығының өңіраралық қоғамдық ұйымының президенті, Омбы аймақтық «Мөлдір» қазақ мәдениеті қоғамдық кеңесінің төрайымы, Қалмақ Республикасындағы Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының «Жерлестер» қоғамдық ұйымының төрағасы, Венгрия Республикасы, «Барыс» Мажар-Қазақ қоры төрағасының орынбасары, Этвөш Лоранд атындағы мемлекеттік университетінің ғалымы, Германия, Мюнхень қазақ қоғамдық қауымдастығының мүшесі, Өзбекстан Республикасындағы қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылары, өлкетанушылар мен тарихшы ғалымдар қатынасты. Форум жұмысының модераторы Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев ІІІ Халықаралық Өлкетанушылар форум жұмысын ашық деп жариялаған соң қатынасушыларға сәттілік тіледі.
ІІІ Халықаралық Өлкетанушылар форумы жұмысында ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің басшысы Ә.Жоламанов, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, Мюнхень қазақ қоғамдық қауымдастығының мүшесі С.Шадкам, «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру жөніндегі сараптамалық кеңес мүшесі Ө.Озғанбаев форум маңыздылығына тоқталып, сөз алды.
ІІІ Халықаралық Өлкетанушылар форум аясында 2018 жылы «Қасиетті Қазақстан» өлкетану жобасы аясында атқарылған кең көлемді жұмыстар мен 2019 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы айтылып өтті. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Б.Әбдіғалиұлы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында 2018 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жылдарға арналған жоспарлар тақырыбында, Атырау облысы тарихи-ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру инспекциясының басшысы М.Қ.Кипиев «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Атырау облысында атқарылған іс-шаралар туралы баяндамаларын жасады.
Форум барысында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен: Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Қ.Шақшақов, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы І.Сейтжан, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Е.Нурмаганбетов және Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Р.Харипова марапатталды.
ІІІ Халықаралық Өлкетанушылар форум жұмысының қорытынды жабылу салтанаты облыстық «Жастар» халық шығармашылығы орталығында жалғасты. Сармат көсемі «Алтын киімді адамның» табылғанына 20 жыл толуына орай «Сарматтар дәуірі» театрландырылған қойылымымен басталды.
«Үздік өлкетанушы» төсбелгісімен: Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» басшысының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Құнанбаева,өлкетанушы Қ.Баянғали, Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы, өлкетанушы З.Демеуқұлова, Үмбетәлі Кәрібаев әдеби мемориалды музейінің меңгерушісі, өлкетанушы Ә.Искаков, «Сарқан» аудандық газетінің бас редакторы, өлкетану, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Ж.Игіман, құрметті журналист, ҚР-ның мәдениет қайраткері Л.Монастырская, тарих ғылымдарының академигі, Х.Досмұхамедов атындағы сыйлықтың иегері, тарихшы-өлкетанушы А.Шамғонов, ҚР Құрметті журналисті, өлкетанушы Т.Жаңабайұлы, Атырау облысы тарихи-ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру инспекциясының басшысы М.Кипиев, Батыс Қазақстан облысы тарихи-өлкетану музейінің Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей-бөлімінің меңгерушісі Н.Төлепов, Тарихи танымдық «DANAgaz»журналының редакторы, «Егемен Қазақстан»газетінің БҚО-дағы тілшісі Қ.Қабжан, Шынғырлау ауданының тарихи-өлкетану музейінің директоры Т.Қалиев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к., өлкетанушы Д.Байдалиев, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің тарих жəне археология бөлімінің басшысы Ғ.Әуезов, Балxаш калалық тариxи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Д.Кожаков, ақын, жазушы, А.Байтұрсынов атындағы Қазақ Мемлекетттік университетінің профессоры А.Шаяхмет, Торғай кентіндегі музейлер кешенінің директоры Г.Сәрсекей, Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры С.Козейбаев, Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің археология ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкері Е.Елеуов, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Б.Бекмамбет, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Т.Жұмалиева, Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы Г.Қожақметова, Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың басшысының міндетін атқарушы Ж.Құрман, өлкетанушы С.Маненов, өлкетанушы, Т.Шахарманов және өлкетанушы Ж.Камзин марапатталды.
ІІІ Халықаралық Өлкетанушылар форумына, форум жұмысының жабылу салтанатына барлығы 1000 адам қатынасты.