«Отырар тұлғалар мен мұралар ордасы» көрмесінің ашылуы

Отырар min2019 жылдың 11 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және 12 сәуір - Ғылым күніне орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасымен бірлескен түрде «Түркі әлемі және Ұлы Жібек жолы» тақырыбында дөңгелек үстелі мен Руханият – Әбу Нәсір әл – Фараби музейінің  «Отырар тұлғалар мен мұралар ордасы»  көрмесінің  ашылуы өткізілді.

 «Отырар тұлғалар мен мұралар ордасы» көрмесі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Түркістан облысы, оның ішінде Отырар қаласының тарихи-мәдени мұралары мен тұлғаларын көрме арқылы Атырау халқына кеңінен насихаттау, бағдарламаны  жүзеге асыру мақсатында өтті.

Руханият – Әбу Нәсір әл – Фараби музейінің  «Отырар тұлғалар мен мұралар ордасы» көрмесін  Руханият – Әбу Нәсір әл – Фараби музейінің бас қор сақтаушысы Қ.Құдабай таныстырды. Көрмеге аты аңызға айналған Отырар қалажұрты мен Ислам дінінің таралуына өзіндік үлес қосқан мәдени құнды ескерткіштер, Арыстанбабтың және ондағы мұсылман кітапханасы, әлемнің екінші Аристотелі атанған Әбу-Нәсір әл-Фараби мен Отырар уазисі және Қаратау атырабында өмір сүрген Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Сүгір Әліұлы, Өзбекәлі Жәнібеков, Шәмші Қалдаяқов секілді тұлғалардың  түпнұсқа жәдігерлері мен күміс тиындар, археологиялық бұйымдар  қойылды.

Отырар – аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен. «Руханият-Әбу Нәсір әл - Фараби музейі» 2011 жылдың 18 наурызында ашылған. Музейдің құрылуы мәдени мұрамызға, әлемде теңдесі жоқ ғұлама Әбу Нәсір әл - Фараби және оның ізбасарларының құндылықтарына деген құрмет. Музейдің мақсаты  Әбу Нәсір әл-Фарабидің әлемдік ғылыми ілімдердің қалыптасуындағы рөлін ашып көрсету және түпнұсқа жәдігерлер арқылы Қазақстанның тарихын, өзіндік мәдениетін көрсету болып табылады.

«Отырар тұлғалар мен мұралар ордасы» көрмесі аясында 12 сәуір - ғылым күні болып аталуына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасымен бірлескен түрде «Түркі әлемі және Ұлы Жібек жолы» дөңгелек үстелі жалғасын тапты. Дөңгелек үстелге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің "Қазақстан және дүние жүзі тарихы" кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Л.Базарғалиұлы, педогогика ғылымдарының кандидаты Ш.Нағымұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Жұмабайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты К.Болатұлы, тарихшы-өлкетанушы А.Әміржанов, тарих ғылымдарының докторы А.Сарсенов,тарих ғылымдарының докторы Ж.Таңатарова және университеттің магистранттары қатынасып, тақырыптық баяндамаларын жасады. Дөңгелек үстелдің қорытынды сөзі Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің басшысы Р.Ерімқызына беріліп, шараға қатынасушыларға музей әкімшілігі атынан естелік кітаптар мен алғыс хаттар табысталды.

Көрмені Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің, Атырау мұнай және газ университетінің, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттері, №13 Д.Байбосынов атындағы мектеп гимназиясының, №17 мектеп-лицейінің, №12 Ф.Досымова атындағы орта мектебінің оқушылары, музей қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы  170 адам  тамашалады.

Отырар min  Отырар1 min

Отырар2 min  Отырар3 min 

Отырар4 min Отырар5 min

  

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru