Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау Мемлекеттік университеті ұйымдастыруымен 2018 жылғы 24 желтоқсанда «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру» ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияға шет елден келген ғалымдар , яғни Анкара университеті , тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Серхан Чынар, Ресей ғылым академиясы дағыстан Республикасының тарих, археология және этнография орталығының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Даниял Кидирниязов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық ғылымдарының докторы, түрколог Қайрат Жаңабаев, ҚР Орталық музейінің Археология орталығының жетекшісі Хамит Айтқұл арнайы Ұлы Жібек жолын жан-жақты таныстыратын баяндамалар жасаса, конференция жұмысының модераторы – Қасиетті Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы болды.
Сонымен қатар Сарайшық туралы қолжазбалар тарихы таныстырылып, конференция:
- Сарайшық қаласының зерттелуі, сақтау және дамытудың өзекті мәселелері;
- Жерорта мен Орталық Азиядағы ортақ ислам мұраларын ілгерлету және мәдени туризмді дамыту;
- Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар;
- Каспий өңіріндегі көшпенділердің және қала мәдениетінің дамуы;
- Тарихи орындарды насихаттаудағы музейлердің рөлі тақырыптарында баяндамалары жинақталып, жинаққа енгізіледі.
Конференция соңында ел мүддесі жолында еңбек етіп келе жатқан өңіріміздің танымал тұлғалары Айтқали Нұрғалиев, Өтепберген Әлімгереев, Саламат Сабыр «Алаш» медалімен марапатталды.