«Батаменен ел көгерер» Республикалық ашық байқауы

Б1 min     13 наурыз 2019 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларына орай ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту және жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу, ел арасында бата берушілерді насихаттау мақсатында Республикалық «Ардагерлер Ұйымы» Орталық кеңесі және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен бата беруші ардагерлер арасында өткен «Батаменен ел көгерер» республикалық ашық байқауы  өткізілді.

 Байқауға республиканың Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен  өңіріміздің 14 облысы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстанда өткен іріктеу сайыстарында жүлделі орындарға ие болған 17 үміткер қатынасты.

      Үш бөлімнен тұрған байқауда қатынасушылар төмендегідей тапсырмалар бойынша жауап берді.

  1. Ел есіндегі баталар (тарихта есімі сақталған тұлғалардың баталарын нақышына келтіре айту)
  2. Ұлттық салт-дәстүрлердің біреуіне арнап, өзінің батасын беру (бесікке салу, нәрестеге, келінге, жас жұбайларға, жаңа қонысқа және т.б).
  3.      3.Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру.

       Байқауға Республикалық «Ардагерлар Ұйымы» Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, тарих ғылымының докторы, профессор, комиссия төрағасы Ө.Озғанбаев, мүшелері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, Құрметті судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің төралқа мүшесі Б.Тұрғараев, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ш.Бейсенова, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің директоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Ж.Ерғалиев, Атырау облысы «Қоғамдық кеңесінің» төрағасы, Атырау облысының «Құрметті азаматы» М.Өтешов, Қазақстанның халық әртісі М.Өтекешова, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Өнер академиясының мәртебелі профессоры Н.Иманғали бастаған қазылар алқасы қазылық  етті.

Сондай-ақ сарапшылар Қазақстан республикасы «Ардагерлер Ұйымы» Орталық кеңесінің жауапты хатшысы К.Бекмағамбет және Республикалық «Ардагерлер Ұйымы» Орталық кеңесінің жұртшылықпен байланыс және баспасөз бөлімінің басшысы Ж.Елубаева қатынасты.

            Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Алматы облысының ардагері Жақыпбек  Өмірбек (жүлде қоры бір миллион теңге), І орын Павлодар облысынан Балтабай Сыздықов (жүлде қоры жеті жүз елу мың теңге), ІІ орынды Атырау облысы, Исатай ауданының ардагері  Әділов Уахит, Шығыс Қазақстан облысы Мұхамеджан Рашитбек (жүлде қоры бес жүз мың теңге), ІІІ орынды Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының ардагері Сердалин Ертай, Маңғыстау облысы Қаржаубай Рейімбайұлы, Ақмола облысы Жақсыбай Ахметов (жүлде қоры үш жүз мың теңге) иеленді. Байқауға қатынасқан басқа ардагерлерге Алғыс хат пен жүз елу мың теңге көлемінде сыйақы табыс етілді.

Б1 min

Б2 min

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б3 minБ4 min

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б6 min

Б7 min

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru