2019 жылдың 4 сәуірінде Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы Жібек жолы» бағыты аясында ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қаласынан қазба жұмыстары нәтижесінде табылған музей қорындағы археологиялық құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында «Ақтөбе-Лаэти» көрмесінің ашылуы өткізіледі.
Көрменің мақсаты Атырау қаласы аумағында орналасқан ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти ескерткіші туралы мағлұмат беру, археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған музей құндылықтары туралы, олардың музей экспозицияларында орын алуы, мәдени құнды мұраларымыз арқылы өлкеміздің бай тарихымен таныстыру. Жас ұрпақты тарихи ескерткіштерді қорғауға насихаттау, көне тарихи мұраларымызды сақтауға деген ұмтылысын тудыру, қызығушылықтарын ояту.
Көрермен назарына Атырау қаласы аумағындағы ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығының археологиялық қазба кезінде табылған тұрмыстық және шаруашылық бұйымдары ұсынылды. «Ақтөбе-Лаэти» көрмесіне музей қорындағы, барлығы 79 сақтам бірлік заттай материал қойылады.
Көрме халқымыздың мәдени мұрасын таныстыру, оған деген құрметті қалыптастыруға негізделген. Атырау өлкесі тарихындағы қала мәдениетінің қалыптасуы, қолөнер мен сәулет өнерінің дамуын көрсетуге бағытталған.
Көрмені Археология ғылыми-зерттеу бөлімінің сектор жетекшісі А.Каримов таныстырып, археологиялық қазба кезінде табылған жәдігерлер туралы толықтай мағлұматтар берді.
Көрмені «Білім-Иновация» лицейнің оқушылары, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық коледжінің және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлкеттік университеті студенттері мен БАҚ өкілдері тамашалады. Көрмеге барлығы 80 көрермен қатынасты