З.Серікқалиұлының 80 жылдығына орай «Сарабдал сынның сардары» шарасы

48366304 972218883165794 8889264147192086528 oАтырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2018 жылы 13 желтоқсан күні Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы З.Серікқалиұлының 80 жылдығына орай «Сарабдал сынның сардары» шарасы өтті.


Шараға З.Серікқалиевтің жары М.Сатыбалдина, ҚР Жазушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары М. Құлкенов, әдеби сыншы, ҚР Жазушылар Одағының хатшысы Ә.Бөпежанова, жазушы-драматург Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Қосылбеков, әдебиетшілер, әдебиет сыншылары, зерттеуші өлкетанушылар, Мәдениет және білім саласының қызметкерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының профессор оқытушылары мен студенттері, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатынасты.
Шарада М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театр актерларының З.Серікқалиевқа арнаған көріністерімен басталды. ҚР Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының директоры Қ.Жылқышиев З.Серікқалиевтің жары М.Сатыбалдинаға камзол жауып гүл шоқтарын ұсынды.
М.Сатыбалдина жары Атырау облысы тарихи – өлкетану музей ұжымына алғысын жеткізіп З.Серікқалиевтің жеке тұтынған бұйымдары шапаны, айыр қалпағы, қол сөмкесін, көз әйнегін, үстел сағатын, фотоаппаратын, қамшысын, қол жазбаларын, кітаптары «Сын кітабы», «Дүниетану далығы», «Тағдыр және біз», «Алтын жамбы», «Зейнолла» кітаптарын музейдің ғылыми қорына тапсырды.
Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әншілеріА.Ғаниұлы «Әке туралы жыр», Ж.Ермағанбетова «Аққу арман»Т.Қошқаров «Жақсы көру» әндерін орындалып, кеш соңы Атырау облысы әкімінің ықылас гүлін тарту етіп, естелік фотоға түсті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru