«Ерлік ұрпаққа ұран» тарихи-танымдық шарасы

ЕУУ min2019 жылы 30 сәуірде Елбасынының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына аясында және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысына қатынасып, ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған Жәміл Жұмашевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік ұрпаққа ұран» тарихи-танымдық кеші өтті.

 

 Шараның мақсаты қазақ елінің тарихына байланысты әлемдік архивтерден жинақталған деректер арқылы Ұлы даланының Ұлы есімдерін ұлықтау. Кейінгі жас ұрпаққа аталмыш тұлғаны насихаттау, есімін ел жадында қалдыру, жас ұрпақты  мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға батырдың туған-туыстары, батырдың інісі-Кәкішов Жайлыбек Шәмілұлы, сондай-ақ батырдың туысы ардагер Атырау облысының Құрметті азаматы, ТМД елдері кәсіподағының Халықараралық сыйлығының лауреаты М.Ғабдысәлімова,  Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанұлы,   «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Д.Жайлаубаева,  Саясаткер, тарихшы, журналист Жұмабай Доспанов,  Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Дина Өтемісқызы және студенттері, ҚР ІІМ Атырау облысының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Қ.Дүйсенбаев және қызметкерлері қатынасты.                                                                    

         Шара барысында батырдың рухына тағзым етіп, 1 минут  үнсіздік жарияланыды. Сөз алған батырдың туысы М.Ғабдусәлімқызы ағасы жөнінде естелік әңгімелері мен тәрбиелік мәні зор ұлттық болмысымызға тән батырлық пен ерлік, отансүйгіштік қасиеттер туралы сөз қозғады. Жәміл Жұмашевты Кеңес Одағының Батыры деп танылуы жайында кештің құрметті қонағы Ж.Кәкішов сөз алып, Ұлы Отан соғысы кезінде асқан ерлігімен көзге түсіп, Шпрее өзенін алуда командирдің орнында қалып, осы ұрыста өз автоматымен 30 ға жуық неміс басқыншыларының  және екі пулеметшісінің көзін жойып, Отан қорғауда ерлікпен қаза тапқан Ж.Жұмашевтың Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғаны туралы құжаттары бар екендігін біліп, ол құжаттарды Германия мен Мәскеу қалаларының архивтерінен алғаны туралы  айтты.  Шараның маңыздылығын сөз қылған Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы  Қ.Ризуанов  Ж.Жұмашевтың есімін ұлықтау, кейінгі жас ұрпаққа насихаттау, потриоттыққа тәрбиелеуде шараның маңызы зор екендігін айтса, тарихшы журналист Ж.Доспанов «азаттығымызды жоғалтпай қазақтығымызды қәдірлеу бүгінгі ұрпақтың қолында екендігін қазақ батырларының барын мақтаныш етіп, айту өз қолымызда» -деді.

Кеш соңында Н.Жантөрин атындағы филармонияның әншсі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Нұғымановтың орындауындағы «Әлия мен Мәншүк» әні айтылды. Әсем де ойлы өлеңнен әсер алған, өткен тарихқа көз жіберетіндей  келтірілген деректер мен тақырып төңірегінде тың ақпараттармен қаныққан аталмыш шараның көрермендері Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің  студенттері мен ҚР ІІМ Атырау облысының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері  үшін   әсерлі болды.   

Шара соңында сөз алған музей басшысы Р.Харипова келген қонақтарға ризашылығымен алғысын айтты.    

Шараға барлығы 60 адам қатынасты. 

ЕУУ1 min ЕУУ min 

ЕУУ2 min ЕУУ3 min

ЕУУ4 min

 

  

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru