«Музей қорына 2018 жылы қабылданған жәдігерлер» көрмесі

2018.1 min 2019 жылы 13 ақпанда 2018 жылдың жылдық  жоспарына сай ғылыми қорды толықтыру мақсатында музей қорына қабылданған   жәдігерлерден "Музей қорына 2018 жылы қабылданған жәдігерлер" атты көрме өткізілді 

 Көрме 2018 жылдың жылдық жоспарына сай музей қорына қабылданған тарихи құндылығы бар жәдігерлерді көрермен назарына ұсына отырып, Елбасының  «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласы аясында келешек жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сақтау, ұлықтау, ұлттық тарихи-мәдени мұраларымызды жинақтап, зерделеп, халыққа насихаттау мақсатында өткізілді.   Көрмеге музей  қорына 2018 жылы қабылданған жәдігерлер, атап айтқанда, 1957 жылы құрылған 500 адамдық оркестрдің құрамында күй тартқан домбырашы Ізтұрған Дошымбетовтың домбырасы; этно-қолөнерші Ырза Тұрсынзаданың төл туындыларының бірі - құрақ көрпелер мен құрақ көпшіктері; Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник, А.Невский орденінің иегері – Сабыралиев Ғабдолмәжиттің заттай және құжаттай материалдары, әскери киімі; орден-медальдары, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Отбасымен музейге» фестиваліне қатынасушылардың «Музейге сый» акциясы аясында сыйға тартқан жәдігерлері, ҰОС қатынасушысы Ж.Есембаевқа берілген орден кітапшасы, шапаны, Партия, кеңес қызметкері, еңбек ардагері С.Лұқпанованың құжаттай және заттай материалдары; ҚР-ның Халық әртісі, Атырау облысының Құрметті азаматы  Ә.Есқалиевтің төсбелгілері мен кітапшалары;  Мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы  С.Мұқашевтің жеке қорында жинақталған төс белгілер топтамасы; Атырау қаласының тұрғыны, жеке коллекционер Е.Сарбаштың музей қорына тапсырған зергерлік бұйымдары мен құран кітаптар; Қ.Сатаева тапсырған темір таразы, кілемдер, тұскиіз, бітпестер; Г.Шауенованың тапсырған сырмақ, тұскиізі, күміс тиындардан жасалған шолпы әшекейлер, майшам тұғырлары, былғары белдік, құлақты қоңырау, жез бұйымдар; XIX-XX ғ.ғ күміс тиындары мен әр елдің қағаз ақшалары, жергілікті қолөнер шебері Н.Қалиевтің ағаштан жасаған саз аспап түрлері мен ағаш тегенесі,  сондай-ақ, музей қорын тарихи-мәдени құнды бұйымдармен толықтыру мақсатында Жылыой, Қызылқоға аудандарына жүргізілген экспедиция кезінде жиналған  музейлік мәні бар құнды бұйымдар, атап айтқанда, асадал, жастықағаш, кебеже, ағаш сандық пен сандықша, қаракөл тоны, тең, терме алашалар, текеметтер мен сырнай аспабы, қанжар қынымен, алқа, жүзіктер секілді құнды бұйымдар музей қорына қабылданып, көрмеге қойылды.

Көрмеге Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник, А.Невский орденінің иегері – Сабралиев Ғабдолмәжиттің немере інісі Үрпеков Салхаден бастаған бір топ туысқандары қатынасып, халқы үшін жасаған елеулі істерін жас буын өкілдеріне үлгі ретінде айта отырып, немере  қарындасы Қарлыға Қимаденқызы  Ғ.Сабыралиевтің 1950 жылы Алматы Мемлекеттік архивінен алынған А.Андреевке жазған хатының көшірмесін музей қорына табыс етті. Немере келіндері Дүсіпова Қорлан, Тайшиева Жұпар апайлар естелік әңгімелерін айтып, музей ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар қолөнер шебері Н.Қалиев өз қолынан шыққан төл туындыларының жасалу жолдарының қыр-сырымен бөлісті.

Көрмеге барлығы 402 дана жәдігер қойылып, қалалық білім бөліміне қарасты А.Пушкин атындағы №20 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің студенттері, «Қазақстан-Атырау», «Caspian News» телеарнасының БАҚ өкілдері, музей қызметкерлері, барлығы 80 адам қатынасты.

 

 2018.2 min2018.3 min

2018.4 min2018.5 min

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru