Әйіп қажы Бекенұлының қайраткерлік, ағартушылық қызметін насихаттау мақсатында өткізілген тағылымдық кездесу шарасы

Әйіп қажы min2019 жылы 23 мамырда туған өлкеміздің абыройын асқақтатып саналы ұрпақ тәрбиелеген, қыр еліне білімнің шапағатты нұрын сепкен ұстаз Әйіп қажы Бекенұлының қайраткерлік, ағартушылық қызметін насихаттау мақсатында «Ағартушы. Қайраткер. Ұстаз» тағылымдық кездесу шарасы өтті.

 Шараның мақсаты ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясындағы ұлы даланың ұлы есімдерін жаңғырту, туған өлкеміздің абыройын асқақтатып саналы ұрпақ тәрбиелеген ұстаз Әйіп қажы Бекенұлының қайраткерлік, ағартушылық қызметін жас ұрпаққа насихаттау, ұлықтау, есімін тарихта қалдыру мақсатында ұйымдастырылды.

          Шараға: Әйіп қажы Бекенұлының немересі Индер ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Әйіп Ғабдысамат, қажының туған-туыстары, Атырау  облысының  Құрметті азаматы, Екінші Дүниежүзілік соғыстың ардагері О.Қарасаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Ш.Нағимов, ҚР Құрметті Журналисі, өлкетанушы Т.Жаңабайұлы, Облыстық еңбек ардагерлері,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Мәңгілік Ел» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, тарих ғылымының докторы А.Аққали, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі және Жалпы білім беретін №9 Ш.Уәлиханов атындағы Коммуналдық мемлекет мекемесінің оқушыларымен БАҚ өкілдері қатынасты.

         Шара барысында: Екінші Дүниежүзілік соғыстың ардагері О.Қарасаев сөз алып қажының дін жолында тер төгіп, халықтың ауызбірлігін сақтауға белсене араласқанын, қыр елінде мешіт ашып бала оқытып тарихта айшықта қолтаңбасы қалғанын жеткізсе, Орал қаласының тұрғыны, өлкетанушы Т.Өтешқалиев «Көкмешіт» тарихына, осы медреседе бала оқытқан молда, мұғалімдердің білімінің ұшқырлығына,  қажының елімен халқына жасаған еңбекқорлығына, діни ағартушылық жолындағы ұлағатты істеріне тоқталса, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, профессоры, Ш.Нағимов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы А.Аққали, ҚР Құрметті Журналисі, өлкетанушы Т.Жаңабайұлы сайын даланың саңлағы ұстаз Әйіп қажы Бекенұлының мешітті-мектепке, медресе үйін-жатақханаға айналдырып, жалпы білім беретін мектеп ашқанын саналы ғұмырының көбін оқушылардың білім жолына жұмсағанын айтса, қажының немересі  Ә.Ғабдысамат шараның маңыздылығы мен кейінгі жастарға берер үлгі-өнегесі жөнінде сөз етіп, музей ұжымына алғысын білдірді.

        Шарада Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің термешісі  Б.Сәрсеннің «Аралбай  ақынның сөз басы», домбырашы А.Қамбаровтың Халық күйі «Қарасай» күйін орындады. 

         Шараға барлығы 70 адам қатынасты.

Әйіп Қажы1 Әйіп Қажы2

Әйіп Қажы3 Әйіп қажы min

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru