2020 жылыдң 28 қыркүйек күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Исатай аудандық музейі бөлімшесінде КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, хирург-дәрігер Мұхамбетқалиев Құттығұлдың туғанына 85 жыл толуына орай "Өмірі ұрпаққа өнеге" тақырыбында еске алу шарасы өтті. Шараға Құттығұл Команұлының қызы Сәуле Құттығұлқызы, сонау 1970-1980 жылдары бірге қызмет атқарған әріптесі Әлләз Төлегенова және аудандық аурухананың медбикелері қатысты.
Мұханбетқалиев Құттығұл Қомпанұлы 1935 жылы Гурьев облысы Новобогат ауданы Манаш ауылдық кеңесінде колхозшы отбасында дүниеге келген. 1951-1957 жылдары Алматы
медицина институтының санитарлық гигиена факультетінде білім алды. Алғашқы еңбек жолын Новобогат ауданының Забурын ауылдық кеңесіндегі 5 орындық ауруханада дәрігер болып бастап, 1962 жэылы Новобогат ауданындағы орталық аурухана бас дәрігер-хирург болып ауыстырылды. 1965 жылы Алматы қаласында білім жетілдіру курсынан өтіп келгеннен кейін, өмірінің соңына дейін «қолы құтты хирург» атанып, ел құрметіне бөленген дәрігер болды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен және аудандық, ауылдық басқару органдарының мақтау қағаздарымен марапатталды. Құттығұл Мұханбетқалиев 1984 жылы небәрі 49 жасында дүниеден өткен.