«Жыл кітабын бірге оқиық»

         26 қараша күні  Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейі кітапханасы «Бір ел – бір кітап»  акциясы аясында «Жыл кітабын бірге оқиық» атты видео дәрісін өткізді.

        Мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, оқырмандарға жазушы өмірінен мәліметтер беру, отандық әдебиетті  оқыту арқылы  ой-өрістерін дамыту.

       Шарада музей кітапханашы Ф.Таменова акцияның мақсатымен мазмұнына, жыл сайынғы таңдалған  жыл кітаптарына тоқталды.

        Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына  орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалған болатын осыған орай ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясына шолу жасалды.   Шолуда жазушының роман жазудағы ролі ақын Абайдың қалыптасуын,  Құнанбайларды дәріптеуін, сол кездегі тарихи жағдайды суреттеуін баяндап, «Абай жолы» роман эпопеясының тарихын татыстырды. 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru