Миялы қорғанынан табылған тарихи құндылықтарға ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылы Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған тарихи құндықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу, анықтау жұмыстарын бірлесіп жүргізу үшін Алматы қаласындағы «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының мамандарын арнайы  шақыртқан болатын.   

Бүгін, музейге «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының басшысы, суретші-реставратор  Қырым Алтынбеков арнайы мамандарымен және зерттеу құрылғыларымен (рентген аппаратымен) ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастап кетті.

Естеріңізге салсақ Миялы қорғанына жүргізілген қазба жұмысы барысында тоналмай шыққан темір сауыт киген ер адамның қаңқа сүйегімен ұзындығы 1 метр болатын  семсері және патера табылып, арнайы тасымалдау арқылы музейге әкелінген болатын.

Құпия сырын ішіне бүккен қорғаннан табылған  жәдігер туралы жаңалықтарды білгіңіз келсе біздің әлеуметтік желідегі парақшаларды оқи отырыңыздар.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru