«Ұлтқа ортақ – ұлы тұлғалар» айдарының кезекті шығарылымы

Ал сәуір айынан бастап көрерменгедерге ұсынылып отырған онлайн форматтағы жобамыз «Ұлтқа ортақ – ұлы тұлғалар айдары» тақырыбында музейінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында арқылы шығарылып отыр. Аталған жоба тікелей эфир арқылы жүргізіледі.

Онда өлкемізде туылған, дара тұлғалар жөнінде кеңінен таныстырылады. Бұндағы мақсат, жас өрендерімізден бастап Ақ Жайықтың жағасынан қоныс тепкен Атырау халқы мен қонақтарына осы өлкенің тұлғаларымен жете таныстыру мен насихаттау.Қазіргі күнге дейін жалпы 5 эфир көрерменге ұсынылып, онда өнер майталмандары Нұрмұхан Жантөрин, Фариза Оңғарсынова және Ерік Құрманғалиев, қазақ жырының тұңғиығы, көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов пен қазақтан шыққан жалғыз ұшқыш-әйел, жауынгер, батыр «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанова, Атырау облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері О.Көшеков, мемлекет және қоғам қайраткері Уәли Жайықовқа арналса, 11 қарашадағы эфир Атырау өлкесінде бір жылдары өмірге келген қазақ поэзиясы мен прозасының негізін қалаушы “Қазақ әдебиетінің ақша бұлты” Әбу Сәрсенбаевқа, Қазақ журналистикасының негізін қалаушы Ғабдол Слановқа және Қазақстанның Халық жазушысы Хамит Ерғалиевке арналады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru