"Лаңкестік әрекет кезіндегі мекеме қызметкерлерінің әрекеті" тақырыбында музей қызметкерлеріне арналған жиын өтті.

2020 жылдың 25 қараша күні  Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде "Лаңкестік әрекет кезіндегі мекеме қызметкерлерінің әрекеті" тақырыбында музей қызметкерлеріне арналған жиын өтті.
ZOOM бағдарламасы арқылы өткізілген жиында Атырау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Жумағалиев Бақберген Серікұлы қызметкелерді террористік,лаңкестік оқиғасының алдын-алу және одан сақтану ережелерімен таныстырды.
Музей басшысы Харипова Рашида Ерімқызы осы бағытта музей қызметкерлерімен арнайы жарылғыш заттарды анықтау мақсатында жаттығу сабақтарын өткізу туралы ұсыныс тастады. Ұсынысты қабыл алған Бақберген Серікұлы алдағы уақытта музей қызметкерлеріне бүгінгі өткізілген сабақ нәтижесін практикалық тұрғыда қолдану мүмкіншілігі бар екенін атап өтті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru