«Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің мүшесі, тоқыма ойыншықтар тоқу шебері Жәния Дощановамен тікелей эфир

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің мүшесі, тоқыма ойыншықтар тоқу шебері Жәния Дощановамен музейдің фейзбук желісінде тікелей эфир өтті.

Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың қолөнерін насихаттау.  

       Тікелей эфир барысында Ж.Дощанова желі қолданушыларына өз қолынан шыққан 50-ге тарта туындысынан дайындалғаған көрмені таныстырды.  Сонымен қатар ойыншықтардың жасалу жолы, оларды жасау барысында қолданатын қажетті құралдары туралы түсінік берді. Қолөнерші бұл өнер түрімен 3 жылдан бері айналысып келеді. Ж.Досщанованың тоқыма ойыншықтарды тоқуға деген қызығушылығы алғаш анасының берген тәрбиесі арқылы дарып, кейін оны өзінің сүйікті хоббиіне айналдырған.

Осы ісін кәсібіне айналдырған ол кейінгі жастарға үйретуді жолға қойған. Бұл балаларға арналған ойыншықтар  негізінен экологиялық таза өнім болып табылады.

         Әлеуметтік желі арқылы өткізілген тікелей эфирді 300 көрермен тамашалады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru