«Музей түні» онлайн

6  қараша күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі «Үркер Бастауыш Пратия ұйымының» ұсынысы бойынша онлайн «Музей түні» шарасын  ұйымдастырды. 

Онлайн форматта  ұйымдастырылған шара барысында көрермендерге үш тілді экскурсия ұйымдастырылды. Қазақ тілінде этногрофия залындағы зергерлік бұйымдар коллекциясынан құралған экспозицияны таныстырылса,    экскурсавод Ангелина Лебедева музей қорындағы картиналарды орыс тілінденде сөйлетті.

Сондай-ақ биылғы жоспарлы жұмыстардың бірі, Миялы қорғандар тобына жүргізілген археологиялық қазба жұмысының барысында табылған тарихи құндылығымыз «Темір адам» туралы, ғылыми зерттеу нәтижелері мен қазба барысында табылған жәдігерлер туралы «Археология секторының жетекшісі-А.Қалшабаев кеңінен айтып өтті.

Музейдің ХІІ-ХІҮ ғасырлардағы тарихына арналаған экспозиция мен Ортағасырлық Сарайшық қалашығына экскурсиялық саяхатты ағылшын тілінде Е.Әділхан  жүргізді.

Экспозиция бөлімінің маманы А.Каримов көпшілікке қолжетімді ақпарат алу үшін арнайы музейдің ресми сайты арқылы мол мағлұмат алуға болатындығы жөнінде және 3Д  үлгіде жәдігерлерді тамашалау мүмкіндігі бар екендігін көрсетті. 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru