«ATYRAU-KVEST» жеңімпаздары киелі өңір Семейде болды

 Атырау облысы тарихи өлкетану музейі 2016 жылыдан бері  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы  аясында өлкеміздің тарихи-мұрасын насихаттау мақсатында «Музейлік квест» интелектуалды ойыны ұйымдастырып келеді.

2019 жылы  жергілікті «Atyraý»  телеарнасынан ойынды бірлескен түрде телевизиялық жобаға айналдыру туралы ұсыныс түсіп, жобаның алғашқы түсірілімі сол жылдың қыркүйек айында телеарна арқылы көрермендерге жол тартты. Жалпы интелектуалды квест ойындары ретінде бес рет, ал телевизиялық нұсқада қазіргі таңда көрермендерге екінші рет қайтадан жол тартып отыр. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастау алған «ATYRAU-KVEST» тележобасының алғашқы айналымына барлығы 17 команда қатысып, соның ішінен 7 команда команда екінші іріктеу кезеңіне жолдама алып, олар Атырау қаласындағы музей, өнер, білім және мәдениет мекемелерінде арнайы дайындалған тапсырмаларды орындады. Квест ойындарының іріктеу кезеңдерінен іркілмей өткен Атырау облыстық «Өңірлік коммуникация қызметі» өкілдері,  «Жас кәсіпкерлер», «Атырау пікірсайысшылар орталығы», «Пікірсайысшылар» командалары, яғни 4 команда жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда командалар жеребе суыру арқылы өздерімен бірге ойын көрсететін қарсылас командаларын таңдау арқылы өзара  екі-екі команда бойынша топтастырылып, қалаішілік тарихи нысандарды, ескерткіштерді, тарихи тұлғаларға байланысты тақтайшалар мен көше атаулары бойынша тапсырмаларды велосипед тебу  арқылы орындап,  бақтарын сынаған командалар ішінен 2 команда ғана ақтық кезеңге жолдама алды.Сыннан сүрінбей өткен бұл командаларға Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, Абайдың отаны Шығыстың әсем қаласы Семей өңіріне жолдама табысталды.

2020 жылдың қазан айының 21-22 күндері команда мүшелері музей маманының жетекшілігімен Абайдай Ұлы тұлғаны дүниеге әкелген Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында болды. Саяхаттың алғашқы күні жеңімпаздар і Семей қалалық тарихи-өлкетану музейі, Жидебай-Бөрілі мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейін аралады. Онда қала тарихымен, заманауи ақпараттық технологиямен (мультимедиялық залдар) жабдықталған залдағы көріністерден сол жерде дүниеге келген әйгілі қазақтың кемеңгер тұлғаларының шығармашылығы мен өмір жолдарымен танысты. Сондай-ақ, қалаішілік экскурсия ұйымдастырылып ерекше табиғат пен пайдалы қазбалар, ядролық жарылыстардың зардаптары туралы да тың мәліметтерге қанық болды. Ал танымдық саяхаттың екінші күні Абай-Шәкәрім мемориалдық кешеніне, Абай Құнанбайұлының жеке өміріне қатысты тұтынған құнды заттары сақталған тұрғын үй-музейіне барып, ұлы ақын жерленген қасиетті өлкегеде болды.

 Осылайша «Атырау квест» интелектуалды ойынының алғашқы жеңімпаздары әркімнің жолы түсе бермейтін киелі мекенді көзбен көріп, тарихы тұнған мекеннің шежіресімен танысып,  ұлы тұлға Абайдың өмірі мен шығармашылығына қанық болды

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru