Музей қоры Смоленск түбінендегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан Атыраулық жауынгер С.Мұқаловтың соғыс кезінде қолданған бұйымдарымен толықты

мукалов 20 желтоқсан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Отан үшін кеудесін оққа тосқан жауынгер Мұқалов Сапарғали Ербатырұлын еске алуға арналған танымдық шара өтті.
С.Ербатырұлы 1920 жылы Гурьев облысы, Бақсай ауданы, Сарайшық ауылында дүниеге келген. 1940 жылы 22 қазанда Чита қаласына әскерге шақырылды. 5-ші механикаландырылған корпус дивизиясында Отаналдындағы әскери борышын абыроймен атқарып, 1941 жылы жиырма бір жастағы жас жауынгер Смоленск түбінде болған шайқаста ерлікпен қаза табады.
Арада 80 жылдан астам уақыт өткенде марқұмның сүйегі туған жер топырағына жеткізіліп, мәңгілік мекенін тапты.
Танымдық шараға С.Ербатырұлының туыстары Марат Бисенғалиев, Баянғали Құспанғали және Хан ордалы Сарайшық музейі қорығы мен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қатысты.
Шара барысында С.Ербатырұлының туыстары облыстық музей қорына және жауынгердің туып-өскен жері Сарайшық елді мекеніндегі Хан ордалы Сарайшық музейіне оның аманат хаты жазылған құтысы мен су ішкен құтысын, жауынгерлік каскасын, қаруының штик-пышағын, белдік бөліктерін және құжаттай деректерін салтанатты түрде табыс етті.
мукалов 1 мукалов 2
мукалов 3 мукалов 4
мукаолв1 мукалов
 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru