2019 жылы 20 желтоқсан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Атырау облысы мəслихаттарына - 25 жыл толуына орай көшпелі көрме ұйымдастырды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Ал 1993 жылы қабылданған Конституция шеңберінде жергілікті өкілді және атқарушы органдарының атқаратын функциялары мен міндеттері айқындалып, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері нығайтылып, мәслихаттар мәртебесін реттейтін арнайы заң қабылданды.
Осынау ширек ғасырға пара-пар уақыт толқынында мәслихаттар құрамына өндіріс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларындағы таңдаулы тұлғалар сайланып, олар өздерін қайраткер, іскер басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде көрсетті.
Көрмеден облыс, аудан көлеміндегі мәслихат депутаттарының атқарған қызметі туралы тың деректер, аймақтың саяси-әлеуметтік дамуындағы орны жайында фото деректерді қойылды. Көрмені барлығы 600 адам тамашалады.