Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында Мақат ауданының күндері

макат 82019 жылдың 27 қараша  күні сағ:11.00-де  «Рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған аудан күндері аясында  Мақат ауданы күндерінің ашылу салтанаты болып өтті. 

Қыркүйек айында бастау алған аудан күндерінің көшін  биылғы жылы құрылғанына  95 жыл толып отырған мұнайлы өңір Мақат ауданы жалғады. Қазақ мәдениетінің жаңа заман ырғағына сіңісіп, бейімделуіне, жастардың тарихи құндылықтарға қызығушылығын оятуға, аудан  шеберлерінің жұмысын насихаттауға бағытталған  шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен басталып, аудан тарихынан сыр шертетін аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрмесімен және қолөнер шеберлерінің көрмесі әрі шеберлік сағатымен жалғасты.

Қойнауы шежіреге бай, көне тарихы мен «қара алтындай» қазынасы бар Мақат ауданының тарихынан сыр шертетін «Ұлы дала тарихы» көшпелі көрмесі жасақталып, көрмеге 235 жәдігер қойылды. Олардың қатарында Орта ғасырлық Таскешу керуен сарайының  қазба орнынан табылған археологиялық жәдігерлер, аудан өңіріндегі тарихи тұлғалар мен аудан экономикасының шежірелі парақтарында іздері қалған ел ардақтыларының, аудан мәдениетін көтеруге үлес қосқан мәдениет майталмандарының өмірдеректерінен сыр шертетін жәдігерлер, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш макеттері, ауданның мұнай өндірісі бағытындағы жәдігерлері насихатталып, көрермен назарына ұсынылды.  

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Мұратұлы, Мақат ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы   Сәбит Сүлейменұлы, Атырау облысының Құрметті азаматы, мұнай саласының үздігі Мағауия Тәжіқараұлы, аудан түлегі, Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Бақытбек Мырзағалиұлы сөз алып, аудан тарихының облыс жұртшылығына кеңінен насихатталуына үлес қосатын шараға сәттілік тіледі.         

       Шараға сонымен қатар Облыстық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары, мәдениет саласының ардагері Серік Қалжанұлы, Мәдениет саласының қайраткері, «Мерейлі мекен» журналының бас редакторы Жеңіс Аронұлы,  Мақат ауданы ардагерлер кеңесінің бір топ ардагерлері,  Облыстық Халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері, колледж, Ә.Жангелдин орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

    Көрме 10 желтоқсанға дейін жалғасып, облыс жұртшылығына насихатталатын болады.

макат 1 макат 6

макат 8 макат 5

макат 9 макат 10

макат 3 макат 4

макат 2 макат 7

 

        

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru