Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 9 желтоқсанда 4-тоқсан бойынша қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы өткізілді.
Қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясы отырысында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорына, Құрманғазы, Индер, Исатай аудандық бөлімшелеріне қабылданды.
Атап айтқанда, Атырау облысы тарихи–өлкетану музейі қорына ақылы негізде ХІХ ғасырда тұрмыста пайдаланған жез құмандар, ХХ ғасырдағы бес қару түрлері қылыш, қалқан.
Атырау қаласының тұрғыны Зауреш Мурзагалиевадан құстұмсық жүзік, сонымен қатар М ХІХ-ХХғғ тұрмыста пайдаланған кілемдердің түрлері,былғарыдан жасалған кісе белдік қабылданды.
Ақтөбе-Лаэти қалашығына 2019 жылғы мамыр-шілде аралығында жүргізілген қазба жұмысы барысында табылған заттай бұйымдар: жүзік, түйме, моншақтар, диірмен тастар, шырағдан, құман, ұршық тас, ядро т.б.
Сарайшық қалашығынан табылған археологиялық бұйымдары, Нарын құмы аумағында жүргізілген зерттеу экспедиция кезінде табылған заттай бұйымдар.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бактыгерееваның кітаптары, фотосуреті, өлендер жинағы.
Қазақ КСР-іне еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері Раушан Нұрпейісованың құжаттары, Еңбек ардагері Сәуле Лұқпанованың, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының, ҚР минералдық ресурстар академиясының академигі Нәсіпқали Сейітовтың құжаттары, Құрманғазы ауданының «Құрметті азаматы», жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі Мақсот Жолжанов туралы диск және кітаптары. Музейде ұйымдастырылған іс –шаралар барысында тапсырылған диск, кітап, журнал мен фотосуреттер. Әр түрлі салалар бойынша белгілі тұлғалар дың жеке фотосуреттері. Құрманғазы, Исатай және Индер аудандары бойынша жаңа тарихи-мәдени объектілерін анықтау мақсатындағы этно-археологиялық барлау жұмысының ғылыми есебі. (Нарын құмы аумағына жүргізілген зерттеу экспедициясы).
Ұлы Отан соғысының ардагері «Прикаспийская коммуна» газетінің редакторы Иван Петрович Свербихиннің және Тыл ардагері, қаржыгер Муза Петровна Свербихинаның фото-құжаттары, орден-медальдары музей қорына қабылданды.
Индер аудандық бөлімшесіне: Белгілі бард ақын Табылды Досымов пайдаланған «Енисей» пианинасы, ХХғ пайданған шоқ салатын үтік, 1870-1900 жж пайдаланған ыдыс және скрипка ысқышымен, ожау, сандық. Қазақ әйелінің ұлттық киімі (Саукеле, камзол) Фотоаппараттар «Зоркий-С», «Москва-1», Есептеу шоты»
Құрманғазы аудандық бөлімшесіне: Зергерлік бұйым түймелер. Қол өнер шебері Мұлқаят Баязитқызының тоқыған алашасы.
Исатай аудандық бөлімшесіне: Радиолла «ВЭФ-Аккорд» ХХ-ғасырдың техникасы, Үздік мәдениет қызметкері, Аққыстау халық театрының негізін қалаушы, режиссер Ғатау Рамазановтың алған марапаттары, құжаттары және кітабы қабылданды.