Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған көрме

Аба0Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің «Жайық» спорттық-мәдени кешенінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының Атырау облысы бойынша салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінен жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Ұлы ақын, ойшыл, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер  Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың мұрасын, оның өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметін насихаттау; ақынның ой танымымен, шығармашылығының қайнар көздерімен таныстыру.

   Көрмеге арнайы 7 (жеті) дана ақпараттық стендтар дайындалды. Көрме ақынның әкесі Қ.Өскенбайұлының, әжесі Зере мен анасы Ұлжанның, 1855-1859 жылдары Абай оқыған Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінің фотосуреттерінен, Тобықты руының шежіресінен бастау алды. Одан кейін А.Құнанбайұлының отбасылық фотосуреттері мен қоғамдық қызметіне қатысты деректер, болыс болғандығы туралы архивтік құжаттар қойылды. Көрменің келесі бөлімін ақынның шығармашылығы, яғни оның қара сөзінің Мүрсейіт қолжазбасы, алғашқы өлең жинақтарының мұқабалары, сазгерлігі мен аудармалары жалғады. Ұлы Тұрағұлдың Алаш арыстары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтармен түскен фотосуреті, А.Құнанбайұлының дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Ш.Құдайбердіұлының, «Абай жолы» эпопеясын жазған М.Әуезовтің фотосуреттері, Абайдың 150 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде тойланғанынан сыр шертетін фотосурет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Абай музейіне арнайы барып қолтаңба қалдыру сәтін бейнелейтін фотосурет те көрмеден орын алды. 

Осы көрмедегі кейбір фотосуреттер мен құжаттар  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби қорық-музейі қорынан алынды.

Абай1 Абай2

Абай3  Абай4

Абай5 Абай6

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru