«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» көшпелі көрме

 елбасы 4Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 29 қараша күні Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Тұңғыш Президент» күніне орай ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыру, Елбасының ел басқару жолында атқарған нәтижелі жұмыстары мен тұжырымды еңбектерін насихаттау мақсатында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көшпелі көрмесі Атырау халқы мен қонақтарына ұсынылды.

Қазақ шежіресінде үлкен мәнге ие «Тұңғыш Президент» күні бүгінде елімізде жоғарғы деңгейде тойланып жүрген мемлекеттік мереке.

 Мерекеге орай ұйымдастырылған көрмеде музей қорындағы Елбасы Н.Назарбаевтың қызметтік жолында атқарған жұмыстарының фотосуреттері, шығарылған құжаттамалық қаулы мен жарлықтардың көшірмелік нұсқалары мен әр жылдарда жазылған кітаптары орын алды.

Көрме жалпы 4 бөлім бойынша қарастырылды. Алғашқы бөлім 1991 жылдардағы тарихи кезеңге арналды. Елбасының Президенттік сайлауға түсіп, ел алдында Ант бере отырып, ресми Президент аталу сәтінен тарихи сәттер көрсетілді. Жас Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, «Мәңгілік ел» болу жолында тынбай еңбек еткен тарихи сәттер келесі бөлімде орын тапты. Атап айтсақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Одағының мүшесі, ел тарихында орын алған І Дүниежүзілік құрылтайдың өтуі, ядролық қарудан бас тарта отырып, төл теңгеміз бен жаңа Конституциямызды қабылдау сында атаулы күндердің фотосуреттері мен құжаттама көшірмелері орналастырылды.

Ел бақытын, «Нұрлы» бақыт дей білген Нұр ағамыздың «Нұр Отан» партиясын ашу сәтінен, өлкемізде өткен түрлі іс-шаралық жұмыстарына белсене араласқан естелік фотосуреттері келесі бөлімге арналды. Соңғы бөлім бәсекеге қабілетті, нарықтық экономикада өз ұтымын еш жібермей келе жатқан дербес мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктеріне арқау болды. Нақтырақ айтсақ, елімізде өткізілген ауқымды жобалар: қысқы Азиада ойындары, EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі мен ел басшыларымен өткен атаулы форумдар.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жеке бейнесі мен «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы...», ел халқының ортақ мүддесін үндестіре білген осы бір астарлы сөздер жеке бөлім ретінде халыққа ұсынылды.

«Тұңғыш Президент» күніне орай арнайы жасақталған көрмені Атырау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы мен облысымыздың «Құрметті азаматтары» Мақашев Нұрпейіс Мақашұлы, Өтешов Мұрат Сақтайұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабаев Жаңабайұлы, Атырау облыстық Мәслихатының депутаты Сайын Қуанышев Сәлімгерейұлы, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов Жамбылұлы, Атырау облыстық «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Ерболат Даулетқазиев Құсманұлы және т.б қоғам қайраткерлері, қала қонақтары, жалпы 300 көрермен тамашалады.

елбасы 8  елбасы 3

елбасы 9елбасы 6 елбасы 5     елбасы 1

елбасы 2 елбасы 7

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru