ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы М.Тәжиннің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 11 желтоқсан күні «Ұлы дала тарихы» тақырыбында Махамбет ауданы күндерінің ашылу салтанаты өтті.
Сайраған көне шежіресінің куәсі, Ақ жайықтың өр суымен толығып қана қоймай, ата – бабасының тарихымен толы Махамбет ауданының өткені мен бүгінгі бай шежіресін, тарихы мен мәдениетін, өңірден шыққан тарихи тұлғалардың, әр түрлі салада атқарылған елеулі істердің шежіресін баяндайтын мұрағаттар мен құнды жәдігерлер арқылы мағлұмат беру, көпшілікке насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара үш бөлімнен тұрды.
Аудан күнінің салтанатты ашылуы ауданы өнерпаздарының сазды бағдарламасымен басталып, әрі қарай Махамбет ауданының тарихынан сыр шертетін көрмемен және қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттарымен жалғасты.
Ауданының тамаша тарихын, өткені мен бүгінгі күнгі берекелі бетбұрысын насихаттайтын көшпелі көрмеге Махамбет аудандық тарихи өлкетану музейінің және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығынан барлығы 109 жәдігер әкелініп, аталған музейдің экскурсоводтары Ернар Жақсылықов және Жүніс Байғалиев көрмені тамашалауға келген көрермендерге өткен заманның куәсі болған археологиялық, этнографиялық, тұрмыстық бұйымдардың тарихын таныстырды.
Шараға облыстық еңбек ардагерлері Сергей Алпатанов, Нұртас Мұхтаров, Бисен Қуанов, білім беру саласының ардагері Серік Сапанов, аудан әкімінің орынбасары Света Аманшиева, ауданның Құрметті азаматы Жылқыайдар Сұлтанов, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Сәменов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Самат Жайлашов, аудандық Маслихат хатшысы Асқар Құрманбаев, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының басшысы Әбілсейіт Мұхтаров, аудандық Мәдениет және тілдерді тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев, Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Айгерім Құрманберлиева, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.