«Өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар: Атырау облысының киелі жерлері» дәріс сабағы

сабак 32020 жылы 23 қаңтар күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі «Өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар: Атырау облысының киелі жерлері» дәріс сабағын өткізді. Дәрісте орта мектеп оқушыларына  Атырау өңіріндегі маңызы бар қасиетті нысандар, археологиялық ескерткіштер, оларда жүргізілген қазба жұмыстары, табылған жәдігерлердің музей экспозициясында насихатталуы туралы айтылды. Дәріс жас ұрпаққа қасиетті нысандарды таныту, көне тарихымызға деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды.

Дәрісте ерте кезден қасиетті, әулие тау болып есептелінген Иманқара кешені, Қазақстан тарихында екінші алтын киімді адам табылған Аралтөбе қорғаны, қазақ халқының тағдырында маңызды орын алған ортағасырлық Сарайшық қалашығы, Ақмешіт, Құлшан ата жер асты мешіттері, Ұшқан ата қорымы,XIX ғасырдағы қазақтың еркін ойлы, адуынды ақыны, Халық батыры М.Өтемісұлы кесенесі тақырыптарында туған жеріміздің қасиетті болған әр сүйем жері насихатталды.

Дәріске Ж.Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей мен №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп оқушылары, барлығы 50 оқушы қатынасты.

сабак 1 сабак 2

сабак 4 сабак 3

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru