Аудан күндерінің салтанатты жабылуы

ауд72019 жылы 24 желтоқсан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облысымызға қарасты 7 ауданның тарихи құндылығын кең көлемде насихаттауға бағытталған Аудан күндері шарасы қорытындыланды.

Шара аудан әкімдіктерінің, аудандық мәдениет басқармаларынның қызметкелері, қолөнер шеберлері және аудандық музей бөлімшелерінің басшылары қатысты. Шара барысында алғаш болып сөз алған Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы, Мәдениет саласының үздігі Харипова Рашида Ерімқызы облыс тұрғындарына ауданның тарихы мен мәдениетін, қолөнер шеберлерінің жұмысын насихаттауға ат салысқаны үшін аудан әкімдіктеріне, мәдениет және музей қызметкерлеріне, аудандық қолөнер шеберлеріне ризашылығын білдіріп, облыстық музей ұжымы атынан «Алғыс хаттармен» марапаттады. Сонымен қатар шара барысында әр түрлі ерекшелігімен көзге түскен 7 ауданның қызметкерлері ең үздік номинациялар бойынша марапатталды. Құрманғазы ауданы «Үздік экскурсовод», Мақат ауданы «Үздік қолөнер шебері, Махамбет ауданы «Үздік шеберлік сағат», Индер ауданы «Үздік жәдігерлер топтамасы», Қызылқоға ауданы "Үздік концерттік бағдарлама", Исатай ауданы "Үздік ұлттық әуен" номинациясымен марапатталса, Жылыой ауданы «Үздік аудан» марапатына ие болды. Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

ауд1 ауд2

ауд3 ауд4

ауд5 ауд6

ауд7 ауд8

ауд9

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru