Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінде 31 мамыр саяси – қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар зардабы» атты уақытша көрме өткізілді.
Көрме халқымыздың басына түскен ауыр азаптардың бірі - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, тағзым ету мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеге музей қорында жинақталған Алаш қозғалысының қайраткерлері
Х.Досмұхамедов, өлкемізде оқыған көкірегі ояу жазықсыз жазаланған Х.Ақботин, Қ.Есқалиев, М.Біләлов, Ғ.Қарабалин, Қ.Есембаев, Ө.Исмурзин, М.Бердиев, Қ.Қодаров және т.б фотосуреттері мен құжаттары, ақталу туралы анықтамалары, куәліктері және кітапхана қорында жинақталған кітаптардан барлығы 60 жәдігер қойылды.