Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет қызметкерлері арасында өткен "Көңілді старт" спорттық жарысына қатынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша А.Лян қол күресінен III орын, командалық 4х100 м жүгіруден Е.Тілекқабылов, Р. Сейтенов, Э.Ибрагимова, Ф.Таменова II орын, Командалық көңілді 5 сайыстан III орыннан көрінді . Жалпы командалық есепте қорытындылағанда III орынға ие болып, дипломдармен, естелік медальдармен және арнайы кубокпен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын