20 сәуір күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов арнайы келіп, музейдің тыныс-тіршілігімен етене танысты. Музейдің қызметтік бөлмелері мен экспозициялық залдарын аралап, музей қорындағы жәдігерлердің сақталу жайын тексерді.
Осымен қоса, Әбіл Тауфиқұлы музей қызметкерлерімен пікір алмасып, музейдің алдағы іс-шаралар жоспарымен танысты. Алдағы шығармашылық және әкімшілік-ұйымдастыру қызметіне қатысты біраз мәселелерге тоқталып, ұсыныстарын жеткізіп, нақты тапсырмалар берді.