Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 мамыр - халықаралық музейлер күні «Алтын киімді Ұлы дала елі» көшпелі көрмесі өтті.
Аталған көрмеде 1999 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан шығысқа қарай орналасқан Аралтөбе қорғанынан табылған – саф алтынға көмкерілген Сармат көсем реконструкциясын көрермен назарына ұсынып "Жалпы тарих, археология, этнография ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету" бөлімінің меңгерушісі А.Қалшабаев таныстырды. Көрме мамыр айының 31 не дейін насихатталатын болады.