«Музей түні»

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 18-мамыр Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» іс-шарасы өткізілді.

Шараның салтанатты ашылуы Сармат этно-фольклорлық ансамблі, Мәдениет, архивтер және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ә.Баянқызының құттықтау сөзімен бастау алды.

Музей басшысы М.Кипиев музей қызметкерлері мен жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан «Жас экскурсоводтар» клубының қатысушыларына марапаттар табыстады. 

Шара аясында музейдің бірнеше қызметкерлеріне "Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының марапаттары табысталды. 

Музей түні шарасының басты жаңалығы «Археология» залында Миялы қорғанына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған, 2022 жылы «Қырым аралы» зерттеу орталығында антропологиялық және реконструкциялық жұмыстары жүргізілген «Күміс әшекейлі Миялы ханшайымы» таныстырылымымен оздырылды. Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің археологиялық экспедициясы 2020 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км  Жанкелді ауылынан солтүстікте  2 км жерде орналасқан қорғандарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Антропологиялық зерттеу жұмыстары – белгілі аттрополог, мажар-тұран қорының президенті Андраш Жолт Биро мен бет бейнесінің мажар музейінің скульптуры Эмеш Габор жүргізді. Антропологиялық Зерттеу жұмыстары бойынша 10-11 ғасыр екені және жас жамасы 50 жаста екені анықталды.

Қазба жұмыстары кезінде табылған мата қалдықтары, әшекей жапсырмалары арқылы реконструкция 2022 жылы жасақталды. Авторы  халықаралық дәрежедегі қалыпқа келтіруші Қырым Алтынбеков.

Сонымен қатар Музей түні аясында музей қорындағы сонау ХІХ-ХХ ғасырдағы техникалық-механикалық бұйымдардың көрмесі музей экспозициясынан орын алды.

Музей түні аясында көрермендерге қыш жасау шебері Талғат Махуов, көлөнершілер Жанар Қарабалина, Элмира Махметова шеберлік сағаттарын өткізді.

Музей алаңында ұлттық ойындар арқан тартыс, ләңгі тебу, садақ атудан сайыстар ұйымдастырылып, тарихи тұлғалармен суретке түсу, мерекелік концертке ұласты. Музей түнінде  барлығы 1800 адам қамтылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru