Астрахан облысының мәдениет өкілдері музейімізді аралады

31 наурыз күні Ресей мемлекеті Астрахан облысының министрлік өкілдері жұмыс сапарымен Атырау өңіріне келді. 

Көрші мемлекеттен келген жұмысшы топтың бір бөлігі, құрамында Астрахань облысының мәдениет министрі  Ольга  Николайқызы Прокофьева, «Мәдени-көпшілік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі дирекция» АҚ-ның  директоры Анна Владимирқызы Подосинникова, «Құрманғазы атындағы өңірлік мәдениет орталығы» АҚ-ның директоры Амангелді Геннадиұлы Абулғазиевтар    аймағымыздың құнды жәдігерлері сақталған  Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келіп,  музейдің экспозициялық залдарын аралау барысында «Этнография» экспозициялық залындағы  «Ұлт тәрбиесінің өзегі ұлттық тағам» тақырыбындағы музей қорындағы ұлттық тағамдар муляждарымен ағаш ыдыстар жиынтығынан жасалған арнайы көрмені, «Археология» экспозициялық залындағы «Тас дәуірі жәдігерлері» тақырыбындағы танымдық  көрмені тамашалады.

Сондай-ақ  музей жанындағы «Жас экскурсоводтар» үйірмесінің және музейде жүріп жатқан тоқсандық қор сараптау жұмыстарымен, музейдің жәдігерлер  қорымен танысты. Мәдениет ошағынан мол әсер алған қонақтар өз ризашылықтарын музейдің «Пікір кітабына» жазып қалдырды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru