Атырау облыстық тарихи- өлкетану музейінде 4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Ел рәміздері - ел рухы” атты танымдық экскурсия жүргізілді.
Мемлекеттік рәміздер- Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Сондықтан, азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерді құрметтеп, қастерлей білу- бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы. Экскурсияны № 11 мектеп оқушылары мен әскери қызметшілер тамашалады.