Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде Қала күніне  орай 2016  жылғы  4 қазанда  19.00 - 23.00 сағат аралығында  «Музей түні» мерекелік шарасы өткізілді.

Шара барысында музей қонақтарына зергер, қолөнер шебері Қайрат Шапабаевтың зергерлік бұйымдарынан көрме және шеберлік сағаттары, Құрманғазы мәдениет сарайы өнерпаздарының концерті, «VERO Modelz» сән агенттігінің модельерлері ҚР Суретшілер одағының мүшесі Г.Махамбетованың сән үлгілерінен дефиле, Н.Жантөрин атындағы филармония жанынан құрылған «Мұрагер» фольклорлық ансамблінің концерті, квесттік ойындар ұйымдастырылды.

Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы және Исатай аудандық әкімдігінің  ұйымдастыруымен 2016 жылғы 30 қыркүйекте халық батыры Исатай Тайманұлының туғанына 225 жыл, 1836-1838 жылдардағы ұлт–азаттық көтерілістің 180 жылдығына  орай  «Тарих және тұлға»  тақырыбында Исатай ауданы, Аққыстау селосындағы «Жалын» мәдениет үйінде  аймақтық ғылыми – практикалық  конференция өтті.

28 қыркүйек күні Абай жалпы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ата дәстүрін ардақтау-ұлттық салт» атты тақырыптық сағаты  және жергілікті ағаш шебері Т.Жүмалиевтың ағаш бұйымдар коллекциясы бойынша «Ата кәсіп ұрпаққа аманат» атты  шеберлік сағаты өткізілді.

28 қыркүйек Бүкіләлемдік теңіз күніне орай Атырау облысы тарихи –өлкетану мұражайы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесе отырып, 2016 жылдың 27-ші қыркүйегінде «Каспий теңізінің экологиясы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы  2016 жылы 23 қыркүйекте №17 мектеп-лицейінің 7-ші сынып оқушыларына Атырау қаласының тарихи жерлеріне шолу экскурсиясын ұйымдастырды. Экскурсия Экспо – 2017 Халықаралық көрмесіне келетін туристтерге Атырау қаласының тарихи ескерткіштері мен орындарын мектеп оқушыларына көрсетіп таныстырумақсатында өткізілді.

Атырау облысы тарихи – тарихи өлкетану мұражайында 2016 жылы 21 қыркүйек сағ:11.00 –де  22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне  орай  Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Үлкен ел-Үлкен отбасы» ұлттық жобасы аясында  «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты өзге ұлт оқушылары арасында сайыс өткізілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru