Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 26 қаңтар 2017 жылы сағ.:15.00–де қазақтың көрнекті ақыны, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Меңдекеш Сатыбалдиевке 80 жыл толуына орай «Жұлдызы жарық қаламгер» атты осы университеттің гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің студенттеріне тарихи – тағылымдық сабақ өткізді.