Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 8 ақпан 2017 жылы сағ.15.00-де ел-жұртымыздың мәдени тұрмысы мен рухани зердесінде ерекше орын алып келген қамшыны насихаттау мақсатында «Қамшының қасиеті» атты шеберлік сағаты өткізілді.
Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.
Дүйсенбі | Демалыс күні |
Сейсенбі | 09:00-18:00 |
Сәрсенбі | 09:00-18:00 |
Бейсенбі | 09:00-18:00 |
Жұма | 09:00-18:00 |
Сенбі | 09:00-18:00 |
Жексенбі | 09:00-18:00 |
Түскі үзіліс | 13:00-14:00 |
«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 8 ақпан 2017 жылы сағ.15.00-де ел-жұртымыздың мәдени тұрмысы мен рухани зердесінде ерекше орын алып келген қамшыны насихаттау мақсатында «Қамшының қасиеті» атты шеберлік сағаты өткізілді.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 5 ақпан 2017 жылы сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Бауырсақ» ертегісінің театрландырылған қойылымы өткізілді. Ертегі демалыс күндері отбасылық демалыстарды ұйымдастыра отырып ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, халқымыздың сүйікті ертегілерін насихаттау арқылы келушілерді музей жәдігерлерімен таныстыру, балалардың қиялы мен қабілетін жетілдіру, еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу мақсатында қойылды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 26 қаңтар 2017 жылы сағ.:15.00–де қазақтың көрнекті ақыны, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Меңдекеш Сатыбалдиевке 80 жыл толуына орай «Жұлдызы жарық қаламгер» атты осы университеттің гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің студенттеріне тарихи – тағылымдық сабақ өткізді.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 18 қаңтарда сағ.11.00-де «Путешествие в ледниковый период» тақырыбында музейлік сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты - оқушыларды мұз дәуіріндегі жануарлармен және ерте кездегі адамның өмірімен таныстыру, жер бетіндегі алғашқы тіршіліктің пайда болуы туралы таныстыру.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылғы 1 және 2 ақпан күндері сағ 11.00 және 15.00-де «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты еліміздің және өңіріміздің (облысымыздың) тарихын насихаттау, музей қорындағы әр жылдары мәдени мұра бағытында жинақталған археологиялық, этнографиялық, тарихи құнды жәдігерлеріміздің тарихын білу мақсатында «Музейлік квест» интеллектуалды байқауы өткізілді.
Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында еліміздің басты символы Астана қаласының тарихы жөнінде ҚР Ұлттық банкі РММ Атырау филиалының қызметкерлеріне «Астана – бақыт мекені» атты тақырыптық дәріс өткізілді.