Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

2016 жылғы 15 сәуірде сағат 15:00-де археология ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған «Өлкеміздегі археологиялық ескерткіштер» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақты «Өлке тарихы» экспозициялық залында, археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі А.Тұрарұлы өткізді. Қалалық білім бөліміне қарасты №12 Ф.Досымова атындағы орта мектептің 10 А сынып оқушыларына сабақ барысында Атырау өңіріндегі тарихи-археологиялық орындар туралы мәліметтер беріліп, өлке тарихы мәдени мұраларымыз туралы баяндалып, ежелгі кезеңдерге қатысты облыс аумағындағы археологиялық ескерткіштер туралы слайд көрсетілді. Сабақ соңында оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауаптар беріліп, мұражайдың экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді.

2016 жылы 8 сәуір күні «Мұражайдың ғажайып әлемі» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушыларға ұлттық ойындарды насихаттау арқылы ой-өрістерін кеңейтіп, өлкенің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыру арқылы мұражайға қызығушылықтарын ояту болды.

7 сәуір – Геологтардың кәсіби мерекесіне орай Қазақстанның пайдалы қазбаларын зерттеп, оларды халықтың тиімді пайдалануына еңбек еткен, геологтардың өмір жолдарын жас буын өкілдеріне үлгі-өнеге ету мақсатында «Жер қойнауын барлаушылар» атты мәдени шара және көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан мұнайшы-геологтар республикалық қоғамының, геология саласы ардагерлерінің, облысымыздағы мұнай- газ барлау мекемелерінің фотосуреттері, кітаптары, құжаттары, дипломдары, алғыс хаттары қойылды. Көрмеге барлығы 46 фотосурет, 13 жәдігер қойылды.

1 сәуірде Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Хан ордалы - Сарайшық» мұражай-қорығының басшысы, Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту саласының құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері М.Бердімұратовтың 80 жасқа толуына орай еңбек және өмір жолдарын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Сарайшық деп соққан сыршыл жүрек» тақырыбында көрме мен мәдени шара ұйымдастырылды.

11 наурызда экскурсиялық – бұқаралық жұмыс бөлімі Бөкей ордасының 215 жылдығына орай «Бөкей ордасындағы Жәңгір ханның саяси тұлғасы» тақырыбында тарихи-танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға «ХІІ-ХХ ғасырлардағы өлке тарихы» экспозициясындағы Жәңгір хан туралы деректер мен заттай жәдігерлер таныстырылып, слайд арқылы түсіндірілді. Сабаққа №15 Абай атындағы орта мектебі оқушылары қатынасты.

4 наурызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылдағы аналардың өмірі туралы Тылда – еңбек майданы, соғыста – ерлік майданы» атты тарихи-тағылымдық ерлік сабағы өткізілді. Сабақ барысында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» экспозициялық залындағы Атырау облысы бойынша соғыс жылдарында тылда еңбек еткен аналар Енбаева Маржан, Қожахметова Қанаш, Шағырова Нәбираның және Гурьев-Астрахань теміржолының құрылысына қатысушы тыл ардагерлерінің еңбектері, ерлік істері туралы айтылып, тыл еңбеккерлері туралы видеоролик, слайд дайындалып көрсетілді. Сабаққа Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп гимназиясы ұстаздары мен оқушылары қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru