Атырау облысы жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұжымы мемлекеттің мызғымас тірегі – ата - баба дәстүрінің аясын кеңейту, ұлттық тәрбиенің құндылығын ұрпақ санасына сіңіру мақсатында 2016 жылғы 13 желтоқсан күні сағат 11.00-де Аналар үйінде тұсау кесу рәсімін өткізді.