«Қамшының қасиеті» атты шеберлік сағаты

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 8 ақпан 2017 жылы  сағ.15.00-де ел-жұртымыздың мәдени тұрмысы мен рухани зердесінде ерекше орын алып келген қамшыны насихаттау мақсатында «Қамшының қасиеті» атты шеберлік сағаты өткізілді.

Сабақ барысында қазақ халқының өрімшілік өнері, қамшының қасиеті, түрлері, қолданылуы, жасалу жолдары, қамшы сөзінің түп-төркіні, тілдегі  «қамшы», қазақтың салт-дәстүріндегі  қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні туралы  түсінік берілді, слайд және қолөнер шеберімен түсірілген видеоролик көрсетілді. Музей қорындағы қамшыларды таныстыра отырып, жасалу ерекшелігі баяндалды.

Шеберлік сағатына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университетінің Көптілді білім беру факультетінің тыңдаушылары және Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің  студенттері, музей қызметкерлері қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru