Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде қазақтың көрнекті ақыны, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Меңдекеш Сатыбалдиевке 80 жыл толуына орай «Жұлдызы жарық қаламгер» тақырыбында өткізілген тарихи-тағылымдық сабақ

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 26 қаңтар 2017 жылы сағ.:15.00–де  қазақтың көрнекті ақыны, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Меңдекеш Сатыбалдиевке 80 жыл толуына орай  «Жұлдызы жарық қаламгер» атты осы университеттің гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің студенттеріне тарихи – тағылымдық сабақ  өткізді.

Сабақ қазақтың көрнекті ақыны, журналист, ақын жерлесіміз Меңдекеш Сатыбалдиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, келер ұрпаққа насихаттау мақсатында өткізіліп, сабақтың жастар үшін еліміздің рухани құндылықтарын қадірлеуде берер тәлімі мол, мәдениетіміз бен өнерімізді дамытуға үндеу және  қайраткерлік, білімпаздық қасиеттерге баулуда маңызы зор болды.

Сабақ барысында Меңдекеш Сатыбалдиевтың өмірі мен шығармашылығына, «Махамбеттің монологы», «Қызғұш құс» атты таңдамалы өлеңдер жинағына «Қоңыр қозы» повесіндегі басты кейіпкері Жұпаргүл бейнесіне  тоқталып, түсіндіріп, музей қорында жинақталған ақынның өмірінен сыр шертерлік фотосуреттерінен дайындалған слайд  көрсетілді.

Сабақта осы университеттің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің кафедра меңгерушісі Айгул Елеуова бұл сабақтың маңыздылығын, кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол екенін атап өтіп, музей ұжымына алғысын білдірді. Сабаққа қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің 1 курс студенттері қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru