Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылдың 19 наурыз күні сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында Наурыз мейрамына арналған  «Қош келдің, әз – Наурыз» және «Сіз қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарын білесіз бе» тақырыбында танымдық экскурсияөткізілді. Экскурсия ересектер мен балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мерекесі туралы түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, қазақ халқының ырым – тыйым сөздерінің мән – мағынасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2017 жылғы 18 наурызда Қазақстан мұнай өндірісінің майталманы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Бағытжан Есенғалиевтің90 жылдығына орай «Өшпейтұғын артына із қалдырған» атты көрме және еске алу шарасыболып өтті. Шара Б.Есенғалиевтің  Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы еңбек жолы мен өмірін жас ұрпаққа үлгі етіп, кеңіненнасихаттаумақсатында өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 5 наурыз күні сағ. 11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Ұлт өнерін ұлықтайтын жауһарлар»тақырыбында танымдық экскурсия өткізілді.Экскурсия ересектер мен балаларға музейқорында жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішіндегі қайталанбас туындылардың бірі – зергерлік бұйымдар туралы түсінік бере отырып, экскурсия барысында алған білімдерін пайдаланып, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет – ғұрыптары негізінде ұлттық тәрбиені құрметтеуге, халқымыздың ұлттық қолөнерін қадірлеуге, зергерлік өнерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 3 наурыз 2017 жылғы сағ:11-00-де  Қазақстан  Жазушылар  және Журналистер Одағының мүшесі, Махамбет ауданының Құрметті азаматы, ақын  Жәниба Қарасаеваның 70 жасқа толуына орай «Қазақтың жырға құмар бір қызымын..» атты кездесу өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылдың 28 ақпан, 1 және 2 наурыз күндері сағ. 11.00 және 15.00-де  «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты еліміздің және өңіріміздің тарихын  насихаттау, музей қорындағы әр жылдары мәдени мұра бағытында жинақталған археологиялық, этнографиялық,  тарихи құнды жәдігерлеріміздің тарихын білу көпшілікке таныстыру мақсатында «Музейлік квест»  интеллектуалды  байқауы өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2017 жылдың 26 ақпан күні сағ. 11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Сиқырлы сандық»тақырыбында танымдық экскурсия өткізілді.Экскурсия ересектер мен балаларға қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы қолөнері, ою - өрнектері туралы түсінік бере отырып, мәдени құндылықтарға сүйіспеншілігін ояту, ұлттық өнерге қызығушылықтарын арттырумақсатында ұйымдастырылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru