Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында еліміздің басты символы Астана қаласының тарихы жөнінде ҚР Ұлттық банкі РММ Атырау филиалының қызметкерлеріне «Астана – бақыт мекені» атты тақырыптық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында Тәуелсіз Қазақстан және еліміздің бас қаласының тарихы жөнінде мағлұмат беріп, тақырыптық слайд пен «Астана – әсем қала» атты бейнефильм көрсетілді.