«Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында өткізілген «Бауырсақ» ертегісі

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 5 ақпан  2017 жылы сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Бауырсақ» ертегісінің театрландырылған қойылымы өткізілді. Ертегі демалыс күндері отбасылық демалыстарды ұйымдастыра отырып ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, халқымыздың сүйікті ертегілерін насихаттау арқылы келушілерді музей жәдігерлерімен таныстыру, балалардың қиялы мен қабілетін жетілдіру, еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу мақсатында қойылды.

Театрландырылған қойылым «Этнография» экспозициялық залында киіз үй мен залдағы көріністер ертегіге әсемдік сипат беріп, балаларды «Бауырсақ» ертегісінің тартымды әлеміне ертіп кететін кейіпкерлері күтіп алды. Ертегі балаларға әр түрлі тапсырмалар беру арқылы, музыканың сүйемелдеуімен, интерактивті түрде өткізілді. Балаларға ертегі өте қатты ұнады,  олар өте жақсы көңіл – күймен белсене қатысып отырды. Ертегі соңында балалар өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерінің суретін бейнеледі.

Шара соңында барлық көрермендерге музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін мұражай қызметкерлері сомдады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru