Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72-ші жылдық мерекесі қарсаңында, 2017 жылдың 7 мамыр күні сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Халық қаһарманы» Х.Доспанованың 95 жылдығына орай, «Қаһарман қызы қазақтың» тақырыбындағы танымдық экскурсия және деректі фильм көрсетілімі өткізілді. Экскурсия ересектер мен балаларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.