Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Путешествие в ледниковый период» тақырыбында өткізілген музейлік сабақ

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 18 қаңтарда сағ.11.00-де «Путешествие в ледниковый период» тақырыбында музейлік сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты - оқушыларды мұз дәуіріндегі жануарлармен және ерте кездегі адамның өмірімен таныстыру,  жер бетіндегі алғашқы тіршіліктің пайда болуы туралы таныстыру.

Сабақ «Қазақстан Тәуелсіздігі» экспозициялық залында Мемлекеттік Әнұран орындаумен басталып, музейдің конференц-залында жалғасты. Сабақ барысында оқушыларға мұз дәуірі туралы, мұз дәуіріндегі жануарлар әлемі (мамонт, жүндес мүйізтұмсық, үлкен мүйізді бұғы т.б.), Альп мұздықтарынан табылған Отзи есімді ерте кездегі адам туралы түсінік беріліп, слайд көрсетілді.

Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылып, сабақ соңында  музей экспозициясындағы мамонт, жүндес мүйізтұмсық, үлкен мүйізді бұғының сүйектерімен танысты.

Сабаққа №17 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары мен ұстаздары қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru