5 мамырда Ұлы Жеңістің 71 жылдығына және Халық қаһарманы Х.Доспанованың туған күніне орай "Патриоттық әндер" сайысы өтті

5 мамырда Ұлы Жеңістің 71 жылдығына және Халық қаһарманы Х.Доспанованың туған күніне орай "Патриоттық әндер" сайысы өтті. Мәдени шара Ақтөбе қаласынан келген "Әлия, Мәншүк, Хыйуаз" қыздар патриоттық клубы "Әлия гүлі" би тобының қатынасуымен Х.Доспанованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, ерлігіне тағзым етуден басталды. Сайысқа Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы, А.Сүндетов атындағы медициналық колледж студенттері және Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты мектеп оқушылары қатынасып, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар "Әлия гүлі" би тобы қатынасып, өнерлерін көрсетті.

Патриоттық әндер сайысының алқа мүшелері тыл ардагері, Атырау облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Бесқалиев, Ақтөбе облысындағы «Әлия гүлі» би ансамблінің жетекшісі Ш.Айнабекова, Атырау қалалық мектептен тыс жұмыс орталығының ән сабағы мұғалімі Л.Ғилажева болды. "Патриоттық әндер" байқауының қорытындысында жүлделі 1-орынды С.Мұқанов атындағы №10 мектептің 3-сынып оқушысы А.Жақсылықова, 2-орынды Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектептің 8-сынып оқушылары Ә.Сапарова мен Ә.Бағытжан, 3-орынды Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының оқушысы Ж.Бисенбаев пен Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыкалық академиясының 1-курс студенті Г.Таңатова иеленді. Қалған қатысушылар «Әсем дауыс», «Көрермен көзайымы», «Патриоттық әнді үздік орындаушы» номинацияларымен марапатталды.

9 мамыр Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Х. Доспанованың туған күніне орай ұйымдастырылған «Патриоттық әндер» сайысы

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru