«Ерлігі мен өмірі өнеге» атты көрме мен еске алу шарасы

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлік істерін насихаттауда Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз, Қазақстанның Халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың «Жауынгер монологы» кітабындағы кейіпкер Қ.Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлігі мен өмірі өнеге» атты көрме және еске алу шарасы өткізілді.

Шара барысында Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуанов, әріптесі Қазақстанның үздік мұғалімі, «Құрмет» белгісі медалінің иегері А.Есқалиев, тарих ғылымдарының кандидаты, шәкірті Б.Нығыметов, туыстары атынан Н.Есқалиева және медицина саласының ардагері М.Тұрдығұлова сөз кезегі беріліп, мазмұнды естелік әңгімелерін айтты. Көрмеге Қ.Нұрпейісовтың жеке өмірінен сыр шертетін фотосуреттері мен орден-медальдары, барлығы 70 жәдігер қойылды.

«Ерлігі мен өмірі өнеге» атты көрме мен еске алу шарасы.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru