29 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Тәуелсіздігі» экспозициялық залының ашылуы рәсімі өткізілді

29 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Тәуелсіздігі» экспозициялық залының ашылуы рәсімі өткізілді.

Көрменің ашылуына Атырау облысы және қалалық әкімдіктерінің өкілдері, Атырау облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, облыстың зиялы қауым өкілдері, Атырау облысында индустрияландыру картасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асырып келе жатқан инновациялық мекемелер басшылары, Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және оған қарасты мәдениет мекемелерінің өкілдері мен БАҚ өкілдері барлығы, 120 адам қатынасты.

Шара барысында аталған көрменің салтанатты лента қию рәсімін Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Мұқан, Атырау облысының Құрметті азаматы, Мәдениет саласының ардагері О.Қарасаев және партия, кеңес саласында басшылық қызмет атқарған, республикалық дәрежедегі зейнеткер М.Сабирова жасады. Шараға қатынасушылар мұражай алаңына тәуелсіздігіміздің 25жылдығына орай 25 көшет отырғызды.

Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасақталған «Қазақстан Тәуелсіздігі» экспозициялық залының ашылуы рәсімі.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru